in

Динара Сәтжан Қайрат Нұртастың кенже қызының тұсауын кесті (видео)

Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова бір жасар қызына тұсаукесер жасады. Сәбидің тұсауын тележүргізуші Динара Сәтжан кесті, деп хабарлайды astana24.com

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қыздарының бір жасқа толғанын атап өтті. Тойда қызының тұсауы кесілді.

Бүлдіршіннің тұсауын кескен Динара Сәтжан бұл ол үшін үлкен мәртебе әрі оған білдірген сенім екенін айтты.

"Бұл мен үшін әдемі дәстүр ғана емес, мен үшін абырой, сенім деп қабылдадым.

Рабия Нұртас әулетіне шуақ болып келді, жылылық пен махаббатын ала келді. Қайрат пен Жұлдыздың балалары көз алдымызда өсіп келеді. Барлығы өнерлі, тәрбиелі, білімді. Мұның артында ата-ананың ғана емес, бүкіл 7 атаның қаны мен жаны тұр. Ата-әженің көрегендігі мен құндылығы балаларға да мирас болып жалғаса бермек", – деп жазды Динара.

Тележүргізуші бірнеше ай бұрын өзінен қызының тұсауын кесуді сұраған Жұлдыз туралы да пікірін айтты.

"Жұлдыз туралы әңгіме бөлек. Ұстамды, парасатты. Маған берген сұқбатында Жұлдыз қыздарының атын Рабия-Сұлтан деп қоюуының себебін де айтқан еді.

Рабия махаббатқа бөленіп өскен, әулеттің ұйтқысы болатын бақытты қыз болсын! Қайрат пен Жұлдыздың отбасында осындай қуанышты сәттер көп болсын! Сіздердің ынтымағы жарасқан әдемі отбасыларыңызға тек бақыт тілеймін!" – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)