24.kz ақпаратынша, Salem Entertainment медиа-компаниясы әлемге танымал «Микродрама» жанрын көпшілікке таныстырды. Шеберлік дәрісін өткізу үшін Марвин лақап атымен танылған қытайлық жетекші режиссер Алматыға арнайы келді. Оның Mr. Acup (мистер Акап) жобасы 100 миллионнан астам қаралым жинаған.
“Микродрама” смартфонмен тігінен түсірілген эпизодтар. Бір бөлімнің ұзақтығы екі минуттан аспайды. Мұндай шағын хикаялардың бюджеті де аз, бір маусымды түсіруге небәрі 10 күн уақыт кетеді. Есесіне табысы орасан, дейді мамандар. 2027 жылға қарай Қытайда микродрамалар нарығы үш есе ұлғая түседі деген болжам бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.