Халық әртісі, әнші Димаш Құдайбергеннің концерттен соң жанкүйерлерімен кездескен сәттегі видеосы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бейнежазбада әншіге қиыла қараған бойжеткенді байқауға болады. Желі қолданушылары арасында бұл сәт қызу талқыға түсті.
«Жастық шақ қандай әдемі! Ғашық болған қандай ғажап!», «Ол бұл сәтті өмір бойы есінде сақтағысы келеді», «Жаным-ау, бұл жауапсыз махаббат қой», «Димаш, сен бірнеше әйел ала берші, саған ренжімейміз», «Неткен ақкөңіл, шынайы қыз, мейірімді көзқарас», – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.