in

«Жаңа ортаға бейімделу оңай емес…»: Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын жеткізді

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы арнайы шақыртумен Англияға барғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Оксфорд университетіндегі BIRSoz ұйымынан шақырту алған. Қазір шет тілін меңгеруді қолға алып, жаңа ортаға үйреніп жатқанын жеткізді.

«Кейде түс сияқты көрінеді… Лондонға табан тірегелі 4–5 күн өтті. Қазір адаптация.  BIRSoz – Оксфордтағы қоғамдық бастама, оның мақсаты – Түркі және Орталық Азия елдерімен мәдени, тілдік және ғылыми байланысты нығайту. Ұстаздардың бір бөлігі келіп үлгерді, енді бір бөлігі жолда. Мен ағылшын тілінен сабағымды бастап кеттім. Бұл жаста зона комфортадан шығып, жаңа ортаға бейімделу оңай емес. Дегенмен, бұл мен үшін құнды тәжірибе. Жаңа ортаға тез үйреніп кетуімді тілеймін», – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.