Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы құттықтамағаны үшін сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Жақында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші сәбиі өмірге келген еді. Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сәбиін қолына алған видео жариялап, халықтан сүйінші сұрады.
Желі қолданушылары продюсер Гүлзира Айдарбековаға ренішін білдірді. Продюсер немересінің дүниеге келгеніне қуанышын білдіріп, парақшасына салмаған.
“Қайрат екеуі үнсіз отыр, “Келініңізді құттықтамайсыз ба? Ұрпақтарыңызды көбейтіп жатыр”, “Әшейінде тамағына дейін салып отыратын еді, немересі дүниеге келгенде үнсіз қалды”, “Немере көре алмай кеткен қаншама адамдар бар”, – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.