Әнші Төреғали Төреәлінің анасы жас отбасыларды татулыққа шақырды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол қызы Фариза Төреәліге сұхбат беріп, отбасы құндылығы тақырыбында сөз қозғады.
“Үйде бір күн ұрыс болса, қырық күн кесірі тиеді. Сондықтан әйел адам ұрыспаудың амалын жасауы керек. Біздің отбасымызда әкесі қатты кетіп жатса, мен үндемей қаламын. Біз үнемі үйлесімде өмір сүреміз, кереметпіз деп айта алмаймын. Ол әрбір отбасында болатын дүние. Өзіңді жерге ұрғандық емес. Өзіңнің отбасыңның құндылығы ғой. Жас қыз-келіншектерге айтарым: отбасы болғаннан кейін ондай ұрыс-керіс болып тұрады. “Қазан-ошақ сылдырламай тұрмайды” деп айтып жатады ғой. Ашуланды ма күйеулерің, үндемей тұра тұрыңдаршы. 10-15 минут үндемей отырыңдар. Нәтижесін көресіңдер”, – деді әншінің анасы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.