in

«Күйеуім кешірім сұрап, тосынсый жасады»: танымал блогер қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)

Әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева күйеуімен татуласқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол күйеуі кешірім сұрап, тосынсый жасағанын жеткізді. Айтуынша, бұған дейін екеуі осылай қатты ренжісіп көрмеген.

«Романтик емес күйеуім менен кешірім сұрау үшін осылай тосынсый жасады… Демек, сүйеді. Бұл өзімді алдау емес, бұл шындық. Алла жұбымызды жазбай, үлгілі отбасы болып, ұзақ та, хайырлы бақытты өмір сүруімізді нәсіп етсін! Хайп болса екен деп өзім де армандағам айналайындар. Біз бұлай ұзақ ренжісіп жүрмегенбіз ешқашан, максимум 2 күн еді. Осы жолы қатты кетіп, 1 айдай сөйлеспеппіз.  Егер Азамат деген досымыз кіріспегенде, ары қарай да бір-бірімізді түсінбей, кінәлап жүре беретін едік… Осындай кезде достардың қолдауы қатты маңызды. Алла баршамызға разы болсын», – деп жазды Мереке Қалбаева. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Мереке Калбаева (@merekusha.k)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.