in

"Көлігім жоқ деген сөзің жүрегіме ауыр тиді": Мейрамбек Бесбаев Еркеш Хасенге көлік сыйға тартты (фото)

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев өнердегі інісі Еркеш Хасенге көлік сыйға тартты. Бұл туралы Еркеш желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады astana24.com.

Еркеш Хасен сүйінші жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Ол сурет жүктеп, көлік алғанын хабарлаған. Сөзінше, көлік алатын ақшаны Мейрамбек Бесбаев берген. Ол Еркештің көлігі жоғын, таксимен жүргенін естіп, банк картасына ақша аударыпты.

"Маған сенің кешегі көлігім жоқ деген сөзің жаман жүрегіме ауыр тиді, өтірік айтпай-ақ қояйын. Маған анау 16 саныңды қалдыр деді картаңның. Сөйтіп амандық болса, жақын күндері мен өзім саған бір сый-сияпатымды жіберемін, соған өзіңе ыңғайлап бір көлік ал", – деді.

Мен үшін үлкен сый, үлкен құрмет! Аллаға шүкір, бүгін маған Мейрамбек Беспаев ағам көлік сатып алып берді!" – деп жазды Еркеш.