Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың мұрағаттағы аудиожазбасы жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әншінің оқушы кезінде ән шырқаған видеосын Жанар Еркөлқызы есімді қолданушы Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.
“Мақпал Жүнісованың 9 сыныпта орындаған әні!”, – деп жазды ол.
«Әнім сенсің, туған ел” деп аталатын әннің сөзін жазған Бәкір Тәжібаев, әнді орындайтындар — Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің түлектері Мақпал Жүнісова, Жанна Хасенова, Дина Қорғанова және автордың өзі», – дейді жүргізуші.
Желі қолданушылары әншінің өнеріне сүйсініп, жылы лебізін білдірді.
“Қандай әдемі ән. Бірінші рет естіп тұрмын. Дауысыңыз енді бөлек қой”, “Қандай әсем ән, қандай керемет орындау!”, “Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова апайдың дауысы”, “Кеудемді толтырып, көзімнен еріксіз жас кетіп жатыр! Ән қандай керемет! Тыңдай бергің келеді!”, Қандай керемет әнші. Мамандырылған мектеп интернатының окушыларымен ешкім теңесе алмайды ғой”, – деп пікір қалдырды тыңдармандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Zhanar Erkolkyzy (@zhanarerkolkyzy)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.