in

Мейрамбектің 50 жас мерейтойында домбырасы 15 млн теңгеге сатылды: аспап Заттыбекке бұйырды (видео)

Белгілі әнші, МузАРТ тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев 50 жасқа толуына орай жеке кешін беріп, артынан той жасады. Әншінің дүбірлі тойына еліміздің эстрада өкілдері, ақындар мен жақындары жиналды, деп жазады astana24.com.

Тойда Мейрамбек Бесбаевтың домбырасы аукционға шығарылып, оның достары аспапты саудаға салды. Ақын Ақберен Елгезек домбыраға 4 млн 400 мың теңгеге сатып алуды ұсынды. Артынша домбыраны 7,5 млн теңгеге сатып алуға ниеттілер табылды. Ал ортаға шығып, сөз алған Тоқтар Серіков 10 млн теңгеге сатып алуға дайын екенін айтты.

"Кім алса да, тарихта қалатын домбыра", – деді ол.

Аукцион бұл сомамен тоқтамады. Заттыбек Көпбосынұлы домбыраны 15 млн теңгеге сатып алуға ниет білдірді.

"Мейрамбек Бесбаев ағамыздың домбырасын 15 млн теңгеге ұтып алды, достар!", – деген тамада домбыраны Заттыбекке ұсынды.

Десе де, бұл тойдағы ойындардың бірі болуы мүмкін. Сондықтан домбыра расымен саудаға қойылғаны я әзіл ретінде ойнатылған ойын екені белгісіз.

View this post on Instagram

A post shared by Abdizhappar Malikov (@abdizhappar_alkozha)