in

«Мені зарықтырмай, немеремді үйлендіріңдер»: Сәкен Майғазиев анасының тілегін жеткізді

Сәкен Майғазиевтің анасы денсаулығына байланысты немересінің үйлену тойына қатыса алмайды. Әнші Instagram парақшасында анасының жүрекжарды лебізін жариялады, – деп жазды Аikyn.kz.

Әншінің анасы екі ай бұрын баласына ақ батасын беріп, немересінің үйлену тойын тезірек өткізу керек екенін айтқан.

«Менің халімді көздеріңмен көріп жүрсіңдер, жасарып бара жатқам жоқ. Күннен-күнге қайратым кеміп, қауқарым кетіп барады. Мені зарықтырмай Әділетімді үйлендіріңдер, тапсырма сол!» – деген екен анасы.

“Өзім үйлен деп бұйрық беріп алып, тойға бармай қалғаныма ренжімеңдер» деп қалжыңдап та қояды” – дейді әнші анасы туралы.

Сәкен Майғазиев алғыс білдіріп, денсаулығына алаңдайтынын айтты.

«Аналық ақ жүрегіңізбен берген бастаңызды, тілген тілегіңізді мейірімі шексіз Алла тағала қабыл еткей, анашым. Қазір 89 жаста. Бірақ өзі 94-темін деп айтады. Көз алдыңда жүрісі баяулап, жанары тайып, есте сақтау қабілеті төмендеп бара жатқаны жаныңа батады, жүрегіңді сыздатады. Бір бөлмеден бір бөлмеге әрең жетіп жүр. Алла қаласа, тойдан кейін Әділетіңіз бен Әдияңызды алып, сіздің ақ батаңызды алуға, келініңіздің қолынан шай құйып, қызмет етуге ауылға тағы келеміз. Алла сізге күш-қуат берсін», – деді Сәкен Майғазиев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.