Актриса, әнші Айгүл Иманбаева шығармашылығындағы жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жақында телеарнада көрерменге жол тартатын бағдарламаны тізгіндемек.
«Достар, мені теледидардан сағындыңыздар ма? Тележүргізушілік – менің жаным сүйетін іс. Әр жоба – мен үшін жаңа тыныс, жаңа әсер. Енді мені «Бәрекелді» бағдарламасында жүргізуші ретінде көресіздер! Бірге күліп, бірге ой бөлісетін ерекше жобамыз жақында жарық көреді. Жақсы көңіл күй, жылы сұхбат, шынайы эмоция — бәрі «Бәрекелдіде»! Күтеміз, қолдауларыңызды аямайсыздар деп сенемін», – дейді актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 𝐀𝐈𝐆𝐔𝐋 𝐈𝐌𝐀𝐍𝐁𝐀𝐘𝐄𝐕𝐀 (@aigul_imanbayeva)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.