“Музарт” тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесінің тұңғыш қызы Кәусар мектеп бітірді. Осыған орай әнші қызы білім алған мектеп басшылығына, ұстаздарына алғыс айтты.
“Бүгін мені әке атандырған тұңғышым, нәзік гүлім Кәусарым мектеп бітірді. Қызыма ғана емес, мен үшін де толқынысқа толы күн болды. Балапандарымызды 11 жыл білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, қанаттарын қатайтып, кішкентай жүректеріне үлкен арман ұялатқан Кәусарым оқыған Ш.К.Беркінбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының басшылығына, барша ұстаздарына рақметімді айтамын. Түлектердің жолдары ашық, болашақтары жарқын болып, ізгі армандары орындалсын!”, – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.