Әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол күйеуі Әділетпен заңды некеге тұрғанын айтты.
“Қайырлы күн! Бүгінгі маңызды, сәтті 08.08 күніне әдейі келістіріп, асыға күттік”, – деп жазды Әдия Stories-те.
Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тіледі. Алайда кейбірі олардың енді некеге тұрғанына таңданысын жасырмаған.
“Қандай керемет жаңалық! Алла тіл-көзден сақтасын”, “Хайырлы неке болсын! Жарқын болашақ тілеймін”, “Құтты болсын! Бақытты болыңдар”, “Сонда осы уақытқа дейін некеде болмадыңдар ма?”, “Екі айдай некесіз бірге тұрғансыздар ма?” – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Adiys (@adiyassn)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.