in

«Пендемін, жалына кешірім сұраймын…»: Азамат Сатыбалды жазбасымен көпшілікті алаңдатып қойды

Актер Азамат Сатыбалды желідегі парақшасында жазба жариялап, көрерменді ойландырып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.

«Пендемін… Абайсызда біреуді ренжіітсем, тілім тиіп кетсе, жалына кешірім сұраймын. Ал мені ренжіткендерге, еш өкпем жоқ. Бәріңді жақсы көремін», – деп жазды актер Threads желісінде.

Оның бұл жазбасы көпшілікті алаңдатып қойды.

“Тыныштық па?”, “Не болып қалды?”, “Бәрі дұрыс па, әйтеуір?”, “Аман жүріңіз!”, – деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.