in

«Роза Рымбаева – аңыз адам. Сын айтудың қажеті жоқ»: Әли Оқапов 50 жылдан бері анасына тең келетін әнші шықпағанын айтты

Әнші Әли Оқапов сұхбатында анасы Роза Рымбаеваны мақтады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол осы уақытқа дейін анасының орнын басатын әнші шықпағанын айтты. 

«Роза Рымбаева – аңыз адам. Қазір сын айтудың қажеті жоқ. Осы жылы оның сахнада жүргеніне 50 жыл болды. Елу жыл бойы нөмірі бірінші әнші. Ол – факт. Қанша жас қыздар шықты. Осы қыз Роза Рымбаеваның ізбасары болады деді. Өкінішке қарай, 2-3 жылдан кейін олар жоқ. Ал кез келген үлкен шараның нүктесін қоятын – Роза Рымбаева», – деді ол.

Желі қолданушыларының бір бөлігі оның сөзімен келіссе, енді бірі «Анасын мақтап, қалғандарын төмендетіп отыр» деп сынады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.