in

Синди Кроуфордтың қызы қайтыс болған ағасы Преслиге арнап жазба жариялады

Модель мұрағаттағы суреттер мен хатты бөлісіп, ауыр қайғыдан әлі күнге дейін есін жия алмай жүргенін айтты, деп жазды The Blast басылымына сілтеме жасаған astana24.com.

Модель әрі актриса Кайя Гербер әлеуметтік желіде қыркүйекте өмірден өткен үлкен ағасы Пресли Герберге арналған әсерлі хатты жариялады. Бойжеткен қайғыдан қан жұтып отырғанын және бұл сынақтың ауқымын жеткізетін сөз таба алмайтынын айтты. Ол Преслидің қарындасы болғанын ерекше мақтан тұтатынын жасырмады.

Кайя өз жазбасында ағасымен түскен балалық шақтағы суреттері мен видеоларын бөлісіп, оны өзінің басты қорғаушысы, ең жақын досы әрі өте мейірімді жан деп атады. Ол қайғыны жеңуді және оны көре алмаса да, жақсы көруді үйреніп жатқанын атап өтті.