in

Сырқаттанып қалған Төреғали Төрәлі біраз уақыттан кейін төбе көрсетті (видео)

Денсаулығына байланысты бірнеше қаладағы концертін кейінге шегерген әнші біраз уақыттан кейін төбе көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші қарындасы Фариза Төреәліні Астанадағы жаңа қонысымен құттықтап келген.

«Құрметті қонақтарымыз келіп, қуанышымызды бөлісті», – деп жазды Фариза Төреәлі.

Ол отбасының дастарқан басында отырған видеосын жариялады. Төреғали Төрәлінің тыңдарманы оны көргеніне қуанғанын айтып, амандығын тілеп жатыр. 

«О, Төреш, аман екеніңе шүкір», «Кірген сәтте-ақ үй іші жылып кеткендей болды», «Ақ Төрештің төрде жүргенін қалайтындар қатарынанбыз. Аман жүрсін!», «Төрештің әнін де, өзін де сағындық қой», – деп жазды желі қолданушылары.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.