in

Танымал әнші 12 жылдан кейін сәбилі болды

«Меломен» тобының әншісі Ролан Қазретов желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол 12 жылдан кейін сәбилі болғанын айтып, сүйінші сұрады.

“Ардақты ағайын, құрметті қазақ елі, сүйінші! 12 жылда Аллахым қыз нәсіп етті! Құдайдың қүдіреті шексіз”, – деді жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, тілегін жазып жатыр.

«Бауы берік болсын», «Денем тітіркеніп кетті ғой, Роланға тілекші едім», «Алла ұлық! Бауы берік болып, артынан ерсін!», «Анасының дені сау болсын», «Бауы берік болсын. Бізге де жұғысты болсыншы. 14 жыл болды күтіп жүргенімізге», – деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.