Астана әкімдігі 3 қыркүйекте елордада өнер көрсететін әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың концерті қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды astana24.com.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі 3 қыркүйек сағат 20:00-де Астанада Энрике Иглесиастың концерті өтетінін еске салды.
Көрерменге қолайлы жағдай жасау үшін арнайы шаттл-бағыттар ұйымдастырылады.
Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, қаладағы төрт орыннан жолаушыларды "Астана Арена" стадионына жеткізеді. Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер осы бағыттар арқылы кері қайтарылады.
Арнайы көліктер мына бағыттар бойынша қатынайды:
Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін де, аяқталғаннан кейін де екі бағытта қатынайды. Қосымша шаттл-бағыттардың қатынауы жолдардағы көлік кептелісін азайтып, елорда тұрғындары мен қонақтарының концерт өтетін жерге жайлы әрі қауіпсіз жетуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар көрермендер концерт өтетін орынға жылдам әрі ыңғайлы жету үшін "Тарлан Астана" жеңіл рельсті көлік қызметін пайдалана алады.
Еске сала кетейік, наурызда әйгілі әнші Энрике Иглесиас бірден Қазақстанның екі қаласында – Алматы мен Астанада концерті өтетінін хабарлаған еді.
