in

«Қыз сияқты ән салады деп күлді»: Димаш Құдайбергеннің 10 жыл бұрынғы видеосы жарияланды

Әнші, Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің тойда ән салған видеосы тарады, – деп жазды Aikyn.kz.

Онда он жыл бұрын әншінің дауысын, шығармашылығын түсінбегендер көп болғаны айтылған.

«2014 жылы адамдар Димаш қыз сияқты ән салады деп күлді», – деп жазды видео авторы.

Желі қолданушылары әншінің қазір өнердің шыңына шыққанына қуанып, жылы лебізін білдірді.

«Осы уақытта құлағымыз саңырау болғанына ұяламын», «Бағалайтын ортада өмір сүріңдер», «Солай айтқандар ұялып отырған шығар», «Енді мұнда «қызыл өрікті» жақсы көретін адамдар отыр», «Алла жолын ашық етіп, өнердің биігіне бір-ақ шықты», «Өткен қателіктен сабақ алайық. Димаш өз орнын тапты», «Керемет», – деп жазды желі қолданушылары.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от kazak trende (@kazak_trende)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.