in

Үздік роман авторы Әлихан Жақсылық енді өмір бойы 500 доллар алады

Әлихан Жақсылық  «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды» атты романымен Қазақстан туралы үздік романдар байқауының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жазушыға қазақстандық  Freedom Finance Life  өмірді сақтандыру компаниясының 500 АҚШ доллары мөлшерінде (төлем сәтінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша теңгемен) өмір бойы ай сайынғы ерікті аннуитеттік сақтандыру полисі табысталды.

 Mecenat.kz  жобасының мақсаты – қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, халық арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру, жазушылардың кәсіби тұрғыдан өсуін қолдау және олардың шығармаларын халықаралық кітап нарығына жылжыту.

Былтыр, яғни 2024 жылы Mecenat.kz байқауының жеңімпазы – «Өмір бәйтерегі» романын жазған белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәуле Досжан атанған.

Ал 2023 жылы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романы үздік деп танылды.