Әнші Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның ұлы Беколжас мектепті үздік бітіріп, алтын белгі иегері атанды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына алтын белгі табысталып жатқан сәттегі видеоны жариялады.
“Аллаға шүкір! Тұңғышымыз “Алтын белгі” атанды!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің бұл жаңалығына қуанып, қолдау білдірді.
“Өз балам алғандай қуанып отырмын, алар асулары көп болсын”, “Әкесі қандай керемет адам, әкесінің тәрбиесі ғой”, “Жақсы әкенің сөзі балаға 40 жыл азық”, “Керемет, құтты болсын”, – деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Тоқтар Серіков & Бейбіт Сейдуалиева (@toktar_beibit)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.