in

Әнші Димаш Құдайберген қуанышты жаңалық жеткізді

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген «FIRST Global Challenge 2025» халықаралық робототехника олимпиадасында төртінші рет жеңіске жеткен оқушыларды құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жарыстағы видеоны жариялады.

«Қазақстандық жас талантты оқушыларды «FIRST Global Challenge 2025» халықаралық робототехника олимпиадасында төртінші мәрте қатарынан жеңімпаз атанғанымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңіс – біздің еліміздің білім мен ғылымға деген шынайы ұмтылысының, жастарының биік рухы мен қажырлы еңбегінің айғағы. Бүгінгі табыстарыңыз – тек Қазақстанның емес, бүкіл әлем жастары үшін үлгі. Ғылым мен технология – ұлттың дамуының басты тірегі. Барша қазақстандық жастарды білім мен ғылым жолына ден қойып саналы ұрпақ болып өсуіне тілектеспін!» – деп жазды әнші.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.