Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың белгісіз қызбен түскен суреттері пайда болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Желі қолданушылары «Әнші қайта үйленді ме?» деп, таңғалысын жасырмады. Қалыңдық образындағы бойжеткен мен әншінің бірге түскен суреттерінің астына автор жазба қалдырған.
«Бұл өмір жолына бақытты болу үшін келдіңіздер – әр адам бақытқа лайық. Биыл ақ көйлек киюді (тұрмысқа шығуды) жазған жанға бақыт тілейік», – деп жазылған.
Бұл көрініс қызу талқыға түсті.
«Жұлдыз жақында босанған ана, мұндай жағдайдан күйзеліске түсіп кетуі мүмкін. Сәбидің де, ананың да денсаулығына әсер етеді» деген пікірлер бар.
Қайраттың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова бұған пікір білдірді.
«Қоя салыңдаршы, той көйлекпен жарнамаға шақыртылған. Отбасы бар, балалы-шағалы, күйеуі бар келіншек. Бір үйленіп кеткендей, не болсын соны жаза берудің керегі не, үстіне музыка қойып, түрлі етіп монтаждап, админ хайп жинап қайтесің», – деп ашуланды продюсер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.