Елордадағы Ырыскелді қажы атындағы мешітің бас имамы, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы салт-дәстүр туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дінтанушы Хабар арнасындағы «Дәстүр» бағдарламасында әр облыстың өзіне тән жөн-жоралғысы сол күйі қалу керегін, сонда ғана ұлтты сақтап қала алатынымызды атап өтті. Айтуынша, бұл әр облыстың ерекшелігін көрсетеді.
«Бір облыста көріп жүрген жағдайды басқа облысқа тықпаламау керек. Арабияны қоя тұрыңыз, Қазақстанның төрт тарапы төрт түрлі. Орталық Қазақстанмен бес тарапы бес түрлі. Бір-бірінікін мойындамайды. Әрқайсысы өзінікін дұрыс дейді. Айта берсек, түбіне жете алмаймыз. Менің түсінігімде бұл солай қалу керек. Бұрмау керек. Бәрін бірізділікке түсіру – үлкен қателік. Біз ұлтты жоғалтамыз. Әр облыстың ерекшелігі бар. Дінде төрт мазхабтың болуы діннің кеңдігін көрсетеді. Онда неге төрт мазхабты алып тастап, бір мазхаб жасамады ғалымдар? Өйткені бұл – ерекшелік. Әр облыстағы бар жағдайды сақтауымыз керек. Келген адам, сол жердің заңын құрметтеңіз. Сонда ғана біз ұлтты сақтап қаламыз, ерекшелігіміз осында. Мысалы, кимешек, киім әр облыста әртүрлі болса, киіміне қарап, қай облыстың адамы екенін білеміз. Неке, жерлеу мәселесі де солай. Әр облыстағы ұлттық ерекшелік сақталу керек», – дейді Нұрлан Байжігітұлы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.