in

«Өмірімдегі барлық ғажайып сіздерге жұғысты болсын»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өміріндегі бақытты сәті туралы сыр шертті, – деп жазды Аikyn.kz.

Өнер иесі осыған дейін армандаған дүниелерге қол жеткізгенін атап өтті. Сонымен қатар бұл сабыр мен еңбектің нәтижесі екенін айтты.

«Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еткен едім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, отбасымыз. Аллаға сансыз шүкір айтамын! Жүрек тыныштығымен, жан мен тән үйлесімділігін тапқаны ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін. Менің өмірімдегі барлық ғажайып сіздерге де жұғысты болсын. Осындай жүрекжарды пост жазғым келді. Соған қарағанда, іңгәлап бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау», – деп жазды әнші.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.