Алматыдағы Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 07:00-ге дейін Жандосов және Шаляпин көшелерінің арасындағы учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.
"Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.
Жүргізушілерден сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
