Алматыда жол жөндеу маусымы басталды. Осыған байланысты Жетісу көшесінің бір бөлігі екі аптаға жуық уақытқа жабылады, деп хабарлайды astana24.com AlmatyJoly-на сілтеме жасап.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, 8 сәуір сағат 8:00-ден 20 сәуір сағат 8:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Янушкевич көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс ішінара шектеледі.
"Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
