Алматыда Саин көшесін ұзарту және асфальт төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қазан сағат 07:00-ден 19 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс жағы, сондай-ақ Шәріпов көшесі көлік қозғалысы үшін жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады.
"Жүргізушілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
