in

Алматыда сирена ойнады: қала тұрғындарына хабарлама жіберілді

Бүгін Алматыда сейсмикалық жаттығу өтті. Сағат 11:00-де қала бойынша сирена ойнады, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін Алматыда бүгін сейсмикалық жаттығу өткізілетіні туралы ескерткен. Сағат 11:00-де мегаполис тұрғындары сирена дабылын естіді, сондай-ақ Masalert жүйесі және мобильді қосымшалар арқылы қалалық хабарлау жүйесінен хабарлама алды.

"Уайымдамаңыздар! Алматыда жоспарлы түрде қалалық сейсмикалық жаттығу өтіп жатыр! Сабыр сақтаңыздар және белсенді қатысыңыздар", – делінген қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі хабарламада.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, 14 мамырда Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтетінін ескерткен. ТЖМ тұрғындардан сабыр сақтауды сұрады.