in

Астанада ерлерге қарағанда әйелдер саны көп

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша,  2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, Астана қаласының халқы 1 566 566 адамға (823 766 әйел және 742 800 ер адам) жетті.

2025 жылдың бірінші тоқсанында елордада 6 025 сәби дүниеге келсе, ал осы кезеңде 1 914 неке ресми түрде тіркелді.

Қала халқының өмір сүру ұзақтығы 78,52 жасты құрайды.

Қалада қазіргі таңда 14 жоғары оқу орны, 10 театр және 7 мұражай жұмыс істейді.

Сондай-ақ  Қазақстанда ресми түрде Астана есімін иеленген 24 адам бар екені белгілі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.