in

Астанада жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Астана әкімдігі өкілдері елордада жылу қашан берілетінін айтты. Жылыту маусымы ертең, 2 қазанда басталады, деп хабарлайды astana24.com әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігі мен "Астана-Теплотранзит" АҚ-ның Instagram-дағы желісіндегі бірлескен жазбада елордада жылыту маусымының басталуы туралы ақпаратты жариялады. Әкімдік жылыту маусымын 2 қазаннан бастау туралы қаулы қабылдаған.

Хабарламада елорда тұтынушыларына жылу энергиясын сенімді тасымалдау және тарату бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуге толық дайын екені айтылған.

​"Жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерінде гидравликалық сынақтар өткізіліп, анықталған ақаулар жойылды, жөндеу және жаңғырту жұмыстары толық жүргізілді", – дейді әкімдіктергілер.