in

Атыраудағы әуежайда ниқаб киген алты әйел жауапкершілікке тартылды

Атырау әуежайында қоғамдық орында бет-жүзін толық жауып, жеке басын анықтауға кедергі келтірген алты жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

Көліктегі полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, алты әйелдің барлығы — Атырау қаласының тұрғындары. Олар 26 шілдеде "Атырау – Стамбұл" бағытындағы әуе рейсі арқылы шетелге ұшып кеткен.

Тексеріс кезінде әйелдердің қоғамдық орындарда жеке басын тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) киіп, заң талаптарын бұзғаны белгілі болды.

Олар тамыздың басында елге оралғаннан кейін құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, ескерту берді. Сондай-ақ полицейлер құқық бұзушыларға арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұған дейін Қызылордада бет-жүзін тұмшалаған 300-ге жуық тұрғынға ескерту жасалған болатын.