Олардың көптігінен «Қарабау – Миялы» күрежолы бойындағы көлік қозғалысы қиындады. Әзірге ауылдық округтер мен оған қарасты бау-бақша аман. Қазір зиянкестер зақымдаған аумақтың көлемі анықталып жатыр.
Көктемде облыс бойынша 128 мың гектардан астам алқапта шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілген. Бірақ шілде айы басталысымен зиянкестер қайта бас көтерді.
Осыған байланысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы аталған ауданда шегірткемен күресті қайта қолға алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.