in

АҚШ-та 24 жастағы қазақ жігіті жоғалып кетті: СІМ жағдайды бақылауға алды

АҚШ-та жоғалып кеткен 24 жастағы Әсет Құралбайға қатысты СІМ пікір білдірді, деп хабарлайды astana24.com.

Treads әлеуметтік желісінде АҚШ-та қазақстандық азамат – 24 жастағы ер адам жоғалып кеткені туралы жазған едік. Туыстары қандай да бір ақпарат білетіндерге үндеу жасаған.

"Ол Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бері телефоны қолжетімсіз. Үйде банк карталары қалған.

10 маусымда полиция оның Toyota Camry (DP 86722) көлігін тапқан, алайда Әсеттің қайда екені әлі де белгісіз.

Аталған жайтқан қатысты СІМ NUR.KZ порталына пікір білдірді. Ведомство ер адамның жоғалуынан хабардар екенін жеткізді. Сонымен бірге қазақстандық дипломаттар америкалық құқыққорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп отырғаны да белгілі болды.

"Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен бірлесе жұмыс істеп жатыр және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұдан бөлек Қазақстанның Нью-Йорктағы консулдығы жоғалып кеткен азаматтың туыстарымен де байланысты", – делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі өкілдері жағдай бақылауда екенін жеткізді.