in

Бүгін ел мегаполистерінің бірінде нөсер жауады

1 шілдеде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Синопиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда нөсер жауады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріліп, түнде 19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,3 м/с.

Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,4 м/с.

Шымкентте бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 35 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 6,4 м/с.