2026 жылдың басынан бері қазақстандықтардың балаларына қандай есімдер қойғаны белгілі болды. astana24.com Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап, ең танымал және ең бірегей есімдерді назарға ұсынады.
Бүгін, 1 маусым, Балаларды қорғау күнінде NUR.KZ тілшісі 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтардың дені жаңа туған ұлдар мен қыздарға қандай есімдерді қойғанын, сондай-ақ қандай есімдер ең сирек кездесетінін анықтауды жөн көрді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында Қазақстанда ұлдарға ең көп қойылған есім — Алан, ал қыздар арасында ең көп қойылғаны — Айлин.
Жаңа туған нәрестелер арасындағы ең танымал 10 ұл бала есімі:
Жаңа туған нәрестелер арасындағы ең танымал 10 қыз бала есімі:
Бірегей есімдер
Ұлдар арасындағы ең сирек есімдер: Әл-Әли, Абдуқодир, Яшар, Райымхан, Рузали, Шерәлі, Халилла, Бектілес, Камранбек, Ферид.
Ал қыздар арасындағы бірегей есімдер: Ирислиқой, Айбану, Селвин, Леонэль, Бегайым, Ақбата, Анара, Аша, Жаңылсын, Бақыт.
Жыл басынан бері мұндай есімдер қойылған нәрестелер ел бойынша тек бір реттен ғана кездескен.
