in

Демалыс күндері Қазақстанның кей өңірлерінде қар жауып, -7 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 17-19 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында – қар, батыста жаңбыр жауады.

Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша тұман түседі, Қазақстанның шығысында көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -1…-7 градусқа дейін аяз болады.