in

Жастары қарымды елдің келешегі жалынды

Се­бебі болашақ осы топтың еншісінде. Бү­гінде мемлекет аталған ең құнды ка­питалды дамыту мен қолдауға ба­ғыт­талған түрлі жобалар мен бағ­дар­ламаларды жүзеге асыруда: кол­лед­ж­дер мен университеттерге гранттар бө­ліп, шәкіртақы тағайындап, «Жас­тар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағ­дарламасын, жаңа мектептер мен спорт­тық секциялар, цифрлық дағ­ды­ларды дамытуға арналған курстар ұйым­дастыруда. Осындай мүмкін­дік­тер әрбір жасқа өз әлеуетін толық көр­­­­сетуге жол ашып, еліміздің әр өңі­рінде бәсекеге қабілетті маман­дар­дың қалыптасуына септігін тигізбек.

2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді

Мысалы, Президент тапсыр­ма­­ларын орындау шең­берін­де кәсіптік және жоғары білімнің қол­жетімділігін арттыру бойынша ке­­­шенді саясат жүзеге асырылып жа­тыр. Жастарға кәсіптік білім беру, олар­ды жұмысшы мамандықтарына даяр­лау, мамандарды қайта оқыту жә­не біліктілігін арттыру – еліміздің бі­лім беру саясатының басым бағыты. Ел экономикасының қуаты өндіріс орын­дарын білікті кадрлармен қамта­ма­сыз ете алатын кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігіне байланысты. 

Жұмысшы мамандықтар жылы кә­сіптік білім беруді жаңғыртудың жаңа кезеңі болды. Техникалық және кә­сіптік білім беру жүйесі қазір бұ­рын­­ғыдан да жедел өзгеріп, заман та­лабына бейімделіп келеді. Мәселен, Talap КЕАҚ әзірлеген техникалық жә­не кәсіптік, сондай-ақ орта білім­нен кейінгі білім беру бағдарлама­лары­ның жаңа реестрі жастарға өзіне лайық мамандық таңдауға мүмкіндік бе­реді. Және өндіріс орындарын қа­жет мамандармен қамтамасыз етуді де жеңілдетеді.

Білім – басты инвестиция

Қазір реестрде еліміздің 667 кол­лед­жі ұсынған 8 554 оқу бағдарламасы бар. Олар 181 мамандықты қамтиды. Бағ­дарламалардың 96%-ы техникалық жә­не кәсіптік білімге, ал қалған 4%-ы ор­та білімнен кейінгі деңгейге ар­нал­ған. Айта кетерлігі, осы бағдар­ла­ма­лар­дың жартысынан астамы мем­ле­кет­тік тілде әзірленген.

Ең қызығы, шамамен 2,5 мың бағдарлама дуалды оқытуға ба­ғыт­талған, яғни студенттер тео­рия­мен бірге өндірістік тәжірибе де жи­найды. Ал ерекше білім беру қа­жет­ті­лігі бар жастар үшін арнайы 70 бағ­дар­лама дайындалған. Жамбыл инно­ва­ция­лық жоғары колледжі шетелдік ACCA (Англия) ұйымымен бірлесіп, ха­лықаралық деңгейдегі бағдарлама ұсынып отыр.

Бағдарламалардың 139-ы басқару жә­не инженерлік мамандықтар клас­си­фикаторы негізінде жасалған. Кол­ледж­дердің ең белсенді дайындайтын бағыт­тары – инженерия, IT (ақпарат­тық-коммуникациялық технология­лар), қызмет көрсету, бизнес және басқару салалары. Бұл бағдарлама­лар­ды құрастыруға 500-ден астам кәсіби стан­дарт пайдаланылып, 540 сарапшы қатысқан: олардың 311-і – педагогтер, 229-ы – жұмыс берушілер. Осының бә­рі білім мен өндірістің үйлесімін арт­­тырып, жастарды шынайы еңбек на­рығына дайындап келеді. Биыл бі­лікті жұмысшы мамандарды дайын­дауға бағытталған 8 мыңнан астам бі­лім беру бағдарламасы іске қосылып, жас­тарға жаңа мүмкіндік ашылды. Ма­ман даярлау үдерісі орта білім не­гізінде жұмыс істейтін кәсіптік кол­ледж­дерде жүргізіледі. Дуалды білім беру бағдарламасы елімізде бұдан бұ­рын да жұмыс істеп келген еді. Рес­публикалық ғылыми-практикалық бі­лім мазмұнын сараптау орталы­ғы­ның сарапшысы Данагүл Смақованың айтуынша, бұл жүйе жастардың ал­ғаш­қы тәжірибесі үшін маңызды. 

– Біз дуалды оқытуды белгілі бір уа­қыт аралығында қолдан шығарып ал­дық та, енді соны қайтадан қайта­рып жатырмыз. Қазір жастарға кә­сіп­тік білім беретін зауыт-фабрикалар жоқ немесе оларды қамқорлыққа алу­ға ешкім ниетті емес. Негізі, бұл бел­гілі бір өңірге қажетті маман даяр­лауға көмектеседі. Мысалы, Пав­ло­дардағы зауыттар қажетті ма­ман­дарды жер­гілікті кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында дайындауға тап­сы­рыс береді. Кейін жастар өндірістік тә­жірибиеден өткенде дәл сол тап­сы­рыс берген зауыт-фабрикаға барып жұ­мыс істейді. Қазір мұндай білім жүйе­сі күшті деп айта алмаймын, бір­ақ ойласып ұйымдастырылған жағ­дай­да мақсатқа жетеді. Өйткені бұл – жер­гі­лікті жердегі жұмыспен қамту­ды ше­шу­дің бірден бір көзі, – дейді.

Данагүл Смақованың сөзінше, жыл сайын грант санының артып келе жат­қаны түлектерді қуантатыны рас. Алай­да ол кей жағдайда маманның тап­шылығына алып келуі мүмкін. Мә­селен, педагогикалық мамандыққа түсу­дің шектік балы төмендеу. Оқуға түсіп, бітіріп шыққан бала кейін бұл са­ла­дан оңай бас тарта салуы мүмкін. Сон­дықтан грант санының көп болуы, бір жағынан, жастар арасында әлеу­меттік наразылықтың алдын алу ша­расы ретінде қарастырылатын жағ­дай деп ойлаймын.

Қаржылық қолдау – сенімді тірек

Қазір бір студенттің білім алуына бө­­лінетін орташа қаржы – 912 мың тең­ге. Қаржыландырудың мұндай жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті маман­дарды даярлауға, білім беру ұйым­да­рын заманауи материалдық-тех­ни­калық жабдықтармен жарақтандыруға, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазір елімізде 772 колледж кад­рлар дайындайды. Контингент не­бәрі 556 мың студенттен тұрады, оның 85 пайызы грант бойынша оқи­ды, ал мемлекеттік білім беру тап­сы­ры­сының 65 пайызы техникалық ма­мандықтарға бағытталған. Кол­ледж­дерде 227 мамандық және 753 біліктілік бойынша білім беру бағдар­ламалары жүзеге асырылады. 

Бұдан бөлек, Қазақстан Қытай, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия және өзге де елдер­мен бірлесіп, 10 халықаралық жо­баны қолға алса, бұған дейін отан­дық Жоғарғы оқу орындары әлемнің озық университеттерімен серіктестік үшін келісімшарт орнатып, талай қа­зақстандық жастарға білімін шыңдауға мүм­кіндік берген. Алматы Менедж­мент Университетінің түлегі Аружан Қай­рат биыл Erasmus Mundus бағдар­ла­масы бойынша Испанияның Тарра­гона қаласында білімін жалғастырып жатыр.

– Бакалавриатта оқып жүрген ке­зімде Erasmus+ бағдарламасына қа­ты­сып, Түркиядағы Kadir Has University-ге қабылдандым. Ол жерде Business Administration мамандығы бойын­ша білім алдым. Ал биыл ма­гистратура бойынша Еrasmus Mundus бағдарламасының International Wine Tourism Innovations and Transitions-ға түс­тім. Бұл бағдарлама Испания, Фран­ция және Португалия елдерінде өтеді. Әр семестрді әр елде оқып, ту­ризм саласын жан-жақты меңгереміз. Бағдарлама барлық шығынды – оқу ақысын, тұруды, жолақыны, ме­ди­ци­налық сақтандыруды толықтай қам­тиды, ай сайын 1 400 еуро стипендия бе­ріледі. Еліміз осындай мүмкіндік бе­ріп тұрғанда неге шетелге шығып оқы­масқа, – дейді Аружан.

Елімізде жоғары және орта білім са­ласында жастарға ерекше көңіл бө­лінеді. Мемлекеттік гранттардың са­ны жыл сайын көбейіп, студенттердің стипендиясы да кезең-кезеңімен өсіп жатыр. Бұл – жастардың білімге құш­тарлығын арттырып, олардың әлеу­мет­тік жағдайын жақсартуға жасалған нақ­ты қадам. «Келешек мектептері» ұлт­тық жобасы аясында салынған жаңа білім ошақтары да осының ай­ғағы. Жоспарланған 217 мектептің бү­гінде 150-і есігін айқара ашып, мың­даған оқушыға сапалы білім беру­де. Пре­зи­дент биылғы Жолдауында цифрлық тех­нологиялар ғаламдық ең­бек нары­ғын жылдам өзгертіп жат­қа­нын атап өтті. Ол жасанды интеллектімен жұ­мыс істей алатын, жаңа техноло­гия­лар­ды меңгерген мамандарға сұраныс ар­та түсетінін айтты. Осы мақсатта елі­мізде Qazaq Digital Mektebi атты жаңа үлгідегі білім ордасы қалып­тас­пақ. 

Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің жағдайы жыл сайын жақсарып келеді: жатақ­ха­­­налар саны көбейіп, стипендия мөл­шері де тұрақты өсуде. Биыл 1 қы­р­күйек­тен бастап бакалавриат студент­терінің стипендиясы – 52 372 теңге, магистранттардікі – 117 098 теңге, ал докторанттардікі 262 500 теңге болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда бакалавриат деңгейінде екі есеге, ма­гистратура мен докторантура дең­гейін­де 1,75 есеге көп. 

Кейінгі 5 жылда мемлекеттік грант­­­тар­дың саны 1,4 есеге өсіп, 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді: оның 77 084-і – бакалавриатқа, 13 113-і – магистратураға, 2 919-ы – док­торантураға бағытталды. Жатақхана тап­шылығы да азайып келеді: 2019 жы­лы 82 500 орын жетіспесе, 2024 жы­­лы бұл көрсеткіш 14 873 орынға дейін төмендеді. Ерекше білім беруге қа­жеттілігі бар балаларға жатақханадан орын беру қызметі енді проактивті фор­матта көрсетіледі. Биылғы ҰБТ-ға 210 мыңнан астам талапкер қатысып, олар­дың 160,5 мыңы немесе 76,35%-ы шек­ті балды жинады, орташа балл – 69,42. 2025 жылы мемлекеттік білім грант­тарына 113 мың өтінім түсіпті, өт­кен жылмен салыстырғанда 9 мыңға ар­тық. Нәтижесінде, бөлінген 93 232 грант­тың 99 пайызы иесін тапқан.

Еңбек нарығына алғашқы қадам

Жас мамандарды ауылдық жер­лер­ге тарту мақсатында 2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асып жатыр. 2025-2027 жылдары бұл жобаға 25 млрд теңге бөлініп, ша­ма­мен 2,8 мың жас маман қолдау та­ба­ды. Бағдарлама аясында көтерме жәр­­демақы, жеңілдетілген ипотека мен ұзақ мерзімге несие беріледі. Шарт бойынша, жастар ауылда кемін­де 3 жыл еңбек етуге тиіс. Бұл қадам ауыл­­дық аймақтардың әлеуметтік да­муына тың серпін береді. Бағдар­лама­ның басты мақсаты – ауылдағы кадр тапшылығын жою. Жас дәрі­гер­лер мен мұғалімдерден бастап, мә­де­ниет, спорт, әлеуметтік қорғау және аг­­роөнеркәсіп саласының маманда­ры­­на дейін ауылға барып, өз білімі мен күшін жұмсауда. Бұл – ауылды тү­­лететін, жергілікті халықтың тұр­мы­сын жақсартатын үлкен мүмкіндік. 

«AMANAT» партиясының «Ха­лық­пен бірге» сайлауалды бағдар­ла­ма­сының жол картасына сәйкес, 2025 жы­лы мамандарды тұрғын үймен қам­тамасыз ету үшін арнайы бюджет­тік кредитке де қаржы бөлінді. Осы­лай­ша, ауылға барған жас мамандар тек жұмыс қана емес, баспана мәсе­лесін де шеше алады.

Жыл басынан бері елімізде «Жас­тар практикасы» бағдарламасы ая­сын­да 9,1 мың жас жұмысқа орналас­ты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 38,9 мың адамға жетеді деп жоспар­ла­нып отыр. Ең белсенді өңір – Түркі­с­тан облысы, мұнда 2,1 мың жас ең­бек­ке араласқан. Одан кейін Жамбыл об­лысы – 802 адам, Қызылорда об­лы­сын­да – 775 адам, Шымкентте – 665 жас алғашқы жұмыс орнына тұрды. Бағ­дарламаға қатысушылардың 62,7%-ын әйелдер құрайды (5,4 мың адам). Сон­дай-ақ 5 мыңнан астамы – ауыл жас­тары, бұл жалпы қатысушылардың 58,1%-ы.

«Жастар практикасына» 35 жасқа дейінгі, колледж және ЖОО-ны жаңа бі­тір­ген жұмыссыз түлектер қатыса алады. Бағдарлама оларға өз ма­ман­дығы бойынша алғашқы тәжірибе жи­нап, еңбек жолын бастауға мүм­кін­дік береді. Қатысу үшін тұрғылықты жер­дегі мансап орталығына (жұмыс­пен қамту орталығы) өтініш беру жет­кі­лікті. Жұмыс берушілер тәжірибеден өту­ші әр жасқа тәлімгер бекітеді. Бұл олардың кәсіби дағдыларын дамытып, еңбек нарығында өз орнын табуға жол ашады. Бағдарламаға қатысқан жастар еңбегі үшін ай сайын жалақы алады. Оның орташа мөлшері – республика бойынша 109,5 мың теңге. Төлемдер «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы арқылы қа­тысу­шылардың банк шотына тікелей ау­дарылады. Жалақы жұмыс беруші­лер ұсынған деректер негізінде төле­не­ді. Бағдарлама аясында ең көп сұра­нысқа ие мамандықтардың тізімі де анықталды. Көш басында мейір­герлер (654 адам), одан кейін заңгер­лер (367), бастауыш сынып мұғалімдері (309), тәрбиешілер (292) және шет тілі мұғалімдері (282) тұр.

Астана қалалық Мансап орта­лы­ғы­ның директоры Бағила Орынбе­това­ның айтуынша, қазір Мансап ор­талықтарында осы бағдарлама бойын­ша 806 жас жұмыс істеп жүр. Оның ішінде, 41 қатысушы тәжірибе мер­зі­мін аяқтап, өз өтпелі орны бойын­ша тұрақты қызметке орна­лас­қан.

– Сонымен қатар «Жастар тәжі­ри­бесі» аясында «Еңбек» порталында 1039 жұмыс берушіден 5 599 бос жұмыс орнына сұраныс тіркелген. Бұл көрсеткіш – жастарға мемлекет тара­пынан жасалып отырған нақты қол­даудың айқын дәлелі. Қазір «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жастарды қолдаудың ең маңызды мемлекеттік жобаларының бірі болып саналады. Өйткені жоғары оқу орнын енді аяқ­тап, дипломын алған жас аза­мат­тар­дың көбіне өз мамандығы бойын­ша жұмысқа орналасуы қиынға соғатыны белгілі. Бағ­дарламаның мәні – жұмыс тәжірибесі жоқ, оқуын бітіргеніне 5 жыл­­дан аспаған, 35 жас­­қа дейінгі жас аза­маттарға кәсіби тә­жі­ри­­бе жинауға мүм­кін­дік беру. Қатысу мер­зімі 12 айдан аспайды, ал қатысушыларға ай сайын 30 АЕК көлемінде, яғни 117 960 теңге жалақы төленеді, – дейді ол.

Бағила Сайлаубек­қы­зы­ның сө­зінше, бағдарламаның басты миссиясы – жас мамандарды еңбек нарығына дайындау, оларға өз кәсіби жолын бастауға мүмкіндік беру және болашақта елдің экономикалық да­муы­на үлес қосуға жол ашу.

Қосымша дағды – болашаққа бастар шамшырақ

Әр жас тек өз өмірін ғана емес, бү­кіл елдің дамуын қалыптастыратын күш іспетті. Қабілеті мол жас – білім­ді, таланты, өз ісінде шебер және жаңа дағ­дыларды игеруге ынталы тұлға де­сек, мұндай жастар экономикалық белсенді тұлғалардың қатарын арт­тырып, әлеуметтік прогрестің негізі болары анық.

Еліміз жастар үшін қосымша дағ­дыларды игерудің маңызын ескеріп, бү­­гінде цифрлық сауаттылық курс­тары, бағдарламалау және IT тренинг­тері, робототехника мен инновация­лық технологияларға арналған үйір­ме­лер ұсынуда. Себебі аталмыш ша­ра­лар жас мамандардың кәсіби әлеуетін арттырса, спорттық және шы­ғармашылық секциялар, форумдар мен стартап-хакатондар жастарға өз қабілетін сынап, тәжірибе жинауға мүм­кіндік береді. Сонымен қатар Қа­зақстанда шетелдік университеттердің филиалдары да ашылып, жастарға ха­лықаралық деңгейде білім алу мүм­кіндігі беріледі. Мысалы, Cardiff, Coventry, Woosong университеттері мен МГИМО филиалдары білім беру сапасын арттырып, студенттердің кә­сіби дағдыларын кеңейтеді. Одан бөлек, ғылыми кәсіпкерлердің жаңа буынын және цифрлық эко­номи­ка­ның болашақ көшбасшыларын қа­лып­тастыруға бағытталған AI-Sana серпінді бағдарламасы жүзеге асы­рылуда. Оның мақсаты – студенттерге жасанды интеллект технологияларын жаппай оқытуды қамтамасыз ету. Бағдарлама Coursera, Huawei және Google платформаларында негізгі оқы­тудан бастап студенттік стартап­тарды жеделдетуге дейінгі төрт кезеңді қамтиды. ЖИ негіздері бойынша 390 мыңнан астам студент пен 3 мың оқы­тушы курстан өтті. 

Осылайша, мемлекет тарапы­нан жасалған қолдау мен жо­балар әр жасқа өз қабілетін толық көр­сетуге, қосымша дағдыларды иге­ру­ге және өз саласында шеберлікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қа­біле­ті мол жас – тек өз дамуын ғана емес, елдің өркендеуін жылдамдататын күш, ал мемлекет оны қолдап, бола­шақ­қа бастар шамшыраққа айнал­дырса игі.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Кәмила ДҮЙСЕН