in

«Жолдағы тәртіп – адамның өмірі»: ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады (видео)

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев барлық жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Құрметті отандастар! Жолдағы тәртіп бұл тек ереже емес, бұл – адамның өмірі. Әрқайсымыз – жүргізуші, жаяу жүргінші, ата-ана бұған жауаптымыз. Себебі жолда әр адамның артында тұтас отбасы, жақындары, тағдыры тұр. Соңғы жылдары елімізде жол апаты салдарынан болған адам шығынының саны екі есеге азайды. Бұл – қоғамның ортақ нәтижесі. Бірақ біздің түпкі мақсат – адам өлімін мүлде болдырмау. Бірде-бір жан жолда қаза таппауы тиіс. Сондықтан біз сіздерді қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды ұстануға шақырамыз: 

– жылдамдықты асырмаңыз; 

– мас күйде көлік жүргізбеңіз; 

– жастарға үлгі болыңыз; 

– өзге жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге құрметпен қараңыз. 

Тәртіп – бұл шектеу емес, бұл қорған. Ол сізді және сіздің жақындарыңызды сақтайды. “Заң мен Тәртіп” қағидаты жай ұран емес, бұл – әр азаматтың қауіпсіздігіне негіз болатын өмір салты. Заңға құрмет – қоғамға құрмет. Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершілік. Әркім өз үлесін қосса, біз әрбір жолды шынымен қауіпсіз ете аламыз, – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.