10 сәуірде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.
Астанада да өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,9 м/с.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады, алайда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,8 м/с.
