Ереженің жаңа редакциясында бір оқушыға бюджеттен бөлінетін гранттың мөлшері өзгертілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен, грант құнын мынадай мөлшерде белгіленіп отыр:
– жатақханада тұру құнын есептемегендегі жылдық оқу құны – 2 190 080 теңге;
– жатақханада тұру құнын есептегендегі жылдық оқу құны – 3 053 940 теңге.
Бұған дейін грант құны сәйкесінше 2 349 191 теңге және 3 247 305 теңге болған еді.
Былтыр күзде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев зияткерлік мектептеріне бөлінетін қаражат азайғанын мәлімдеген еді.