Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен брифингте елдегі мектептерге балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды astana24.com.
Шынар Ақпарова ережеге сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау баланың дамуы мен дайындығына қарамастан жүзеге асырылатынын атап өтті.
"Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар немесе тестілеу өткізуге жол берілмейді.
Сондықтан ақылы дайындық курстарына бару – тек ата-ананың өз таңдауы және ол мектепке қабылдаудың міндетті шарты болып табылмайды", – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Шынар Ақпарова 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілі енгізілетінін айтқан еді.
