in

"Сегіз жігіт зорлаған": Алматы облысында 15 жастағы қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Полиция Алматы облысы Райымбек ауданының Тегістік ауылында 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады "Қазақпарат".

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Алматы облысында сегіз жігіт екі ай бойы 15 жастағы оқушы қызды зорлағаны туралы ақпарат тараған еді.

"Облыс прокуратурасының бастамасымен қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету мақсатында іс Қонаев қаласының полиция басқармасына тергеуге берілді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды", – деп хабарлады ведомство.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Енді қалған күдіктілер бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Тергеу барысы облыс прокурорының ерекше бақылауында", – делінген хабарламада.