Семейдегі Абай атындағы кітапханада кәмелетке толмағандардың, оның ішінде профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Заң. Жауапкершілік. Болашақ" атты құқықтық форум өткізілді.
Форум жасанды интеллект негізіндегі цифрлық аватарларды және практикалық жағдайларды голографиялық визуализациялау тәсілдерін қолдану арқылы ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектептер мен колледждердің 150-ден астам оқушысы қатысты. Жасөспірімдерді мессенджерлер арқылы құқыққа қарсы әрекеттерге тарту мәселелері және интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыптары талқыланды.
Іс-шара "Сен заңды білесің бе?" атты викторинамен аяқталды. Белсенді қатысушылар марапатталды.
Қатысушылар жастар арасында құқықтық мәдениет пен жеке жауапкершілікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Абай облысының прокуратурасы (@abai_oblprokuratura)
