in

СІМ АҚШ-та қазақстандық әйелдің ұсталғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр

Әлеуметтік желілерде АҚШ-та қазақстандық әйелді ICE қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл деректі тексеріп жатыр, деп хабарлайды astana24.com.

Instagram әлеуметтік желісінің salty_sssalt есімді қолданушысы АҚШ-та қазақстандық әйелдің ұсталғаны туралы жазба жариялады.

"12 қыркүйекте біздің құрбымызды, үш баланың анасын ICE ұстады", – делінген жарияланымда.

Жазбада оның не себепті ұсталғаны туралы қандай да бір егжей-тегжейлі мәлімет жоқ.

NUR.KZ тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Ведомство ақпаратты әзірге растаған жоқ және оны тексеріп жатқанын хабарлады.

ICE сайтының мәліметінше, АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік қызметі (ICE) иммиграциялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың жұмысы адамдар мен тауарлардың заңсыз тасымалына қарсы күреске және терроризмнің алдын алуға бағытталған. Мекеме АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігіне тікелей бағынады әрі көбіне АҚШ-тың Кеден және шекара қызметімен (CBP) бірлесіп жұмыс істейді.