Депутат Ерболат Сатыбалды мәжіліс отырысында премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жалған марапаттар туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды astana24.com.
Депутат "Қазақстанның құрметті азаматы", "Ұлт ұстазы", "Ғасыр ұстазы", "Қазақстанның қайраткері" сияқты жалған атақтарға тыйым салуды ұсынды.
"Бүгінде тойдағы даңғазалықтың шегі болмай тұр. Той иелері есік аттаған құдаларға "үздік құда" деген төсбелгі тағып, қасиетті марапат ұғымын мәнсіз ойыншыққа айналдырып жіберген.
Бұл тек тойдың деңгейінде қалса, жақсы ғой. Бірақ дерт қоғамға әсер етіп, өндіріс орыны мен еңбек ұжымдарына жетті. Псевдомарапат мен қолдан жасалған төсбелгілер алу модаға айналды. Алып жатқан кейбір медаль мен төсбелгінің қадірі әлгі "үздік құда" төсбелгісінен де аспайды. Алайда оған сұраныс бары қынжылтады", – деді депутат.
Оның айтуынша, 2025 жылғы 25 желтоқсанда "Qazaqstan ardagerleri" қоғамдық бірлестігі бірнеше азаматқа Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс", "Батыр шапағаты", "Ел жанашыры" секілді белгімен марапаттады.
Аталған белгінің атауы мен сыртқы келбеті мемлекеттік наградаға ұқсас деп танылып, ұйымдастырушының біріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 674-бабының 2-бөлігі бойынша айыппұл салынды.
Ерболат Сатыбалдының пікірінше, қолданыстағы заңда "қоғамдық марапат" ұғымы нақты айқындалмаған. Соның салдарынан қоғамдық бірлестік, қауымдастық және өзге ұйымдар тағайындайтын марапат арнайы құқықтық реттеуден тыс қалып отыр. Бастысы қоғамдық марапаттарда тарихи тұлғалардың есімін және "Құрметті", "Еңбек сіңірген", "Даңқ", "Батыр", "Намыс" сияқты мәртебелі атауды қолдану жиі кездеседі. Бұл жағдай мемлекеттік наградалармен шатастыру қаупін тудырып, алаңдаушылыққа себеп болуда.
Осыған байланысты депутат үкіметтен мынадай мәселелерді қарауды сұрады:
