СҚО-да 6 тамызда жөндеу жұмыстарына байланысты Петропавлдың айналма жолында қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған astana24.com.
Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 тамыз сағат 09:00-ден бастап республикалық маңызы бар "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 7-шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізіледі.
Шектеу теміржол өткелінің төсемін қайта құрастыру бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.
Жолды 6 тамыз сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
Компания өкілдері 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салды.
