in

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгереді

Қазақстанда мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллекттің дамуын ескере отырып жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Ведомствоның мәліметінше, технологиялардың қарқынды дамуы, еңбек нарығы талаптарының өзгеруі және жасанды интеллектінің өмірдің барлық саласына кеңінен енуіне байланысты білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

"Бұл жұмыс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Республикалық педагогтердің тамыз конференциясында берген тапсырмасына сәйкес қолға алынып, сол жылдың қыркүйегінен бастап кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.

Кейін бұл бағыттағы жұмыстың құқықтық негізі нығайтылды. 2025 жылғы қарашада "Жасанды интеллект туралы "Қазақстан Республикасының заңы, ал 2026 жылғы мамырда орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі президент жарлығы қабылданды", – деп мәлімдеді министрлік.

Осы құжаттарды іске асыру аясында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылған.

1-4-сыныптардағы "Цифрлық сауаттылық" пәнінің атауы "Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект", ал 5-11-сыныптардағы "Информатика" пәнінің атауы "Информатика және жасанды интеллект" болып өзгертілген.

"Бұл тек пән атауларының өзгеруі емес. Жасанды интеллект цифрлық технологиялар мен информатиканың ажырамас бөлігіне айналды. Осыған байланысты пәндердің мазмұнына жасанды интеллект бойынша жаңа бөлімдер мен барлығы 43 оқу мақсаты енгізілді.

Бүгінде оқушылар жасанды интеллект құралдарын күнделікті өмірде қолданып жүр. Ендігі міндет – оларды бұл технологияны жай ғана пайдалануға емес, саналы, тиімді және жауапты қолдануға үйрету", – дейді министрлік өкілдері.

Министрлік оқушыларды жасанды интеллектпен қалай таныстыратынын түсіндірді:

Ведомство жаңартылған оқу бағдарламалары өткен оқу жылында апробациядан сәтті өтіп, оң сараптамалық қорытынды алғанын, қазіргі уақытта олар белгіленген тәртіппен бекітілу сатысында екенін мәлім етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ (@oqu_agartu_ministrligi)